Самат Смақов Братиславаның «Слован» клубына қызметке баруы мүмкін
«Астана» клубының техникалық директоры Самат Смақов братиславалық «Слован» клубына қызметке баруы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Клубтың бас бапкері Владимир Вайсс қазақ маманын жұмысқа шақырған.
Айта кетейік, Вайсс бірнеше жыл бұрын Алматының «Қайратын» жаттықтырған болатын. Ол күні кеше «Слованды» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты.
Вайсс пен Смақов Қазақстанда бірге қызмет атқарған. Енді ол бұрынғы әріптесін бапкерлік қызметке орналасу үшін стажировкадан өтуге шақырыпты. Соңғы шешімді Смақовтың өзі қабылдауы тиіс.
Айта кетейік, Самат Смақов былтыр «Елімай» клубындағы қызметінен даумен кеткен болатын. Ал, Владимир Вайсс болса 2015 жылы «Қайраттан» кетіп, Грузия құрамасын жаттықтырды. 2021 жылдан бері «Слованның» тізгінін ұстап, қатарынан үш жыл ел чемпионы атанды.