Мария Агапова үзілістен кейін жеңіліс тапты
Қазақстандық Мария Агапова екі жылдық үзілістен соң октагонға Денвердегі UFC турнирінде шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оның қарсыласы бразилиялық Луана Сантос еді. Жекпе-жек бірінші раундта Луананың орындауындағы қылғындыру әдісімен аяқталды.
Агапова үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс. Оның қазіргі UFC есебі 2-4.