«Шахтерден» трансферлік шектеуді алып тастады
Қарағандылық «Шахтер» өткен маусымдар үшін ойыншылар мен бапкерлер алдындағы қарыздарын толығымен төледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осылайша, халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) клубтан трансферлік шектеулерді алып тастады.
Қазіргі уақытта команда Түркиядағы жиындарды аяқтап, Қазақстан чемпионатының бірінші турының матчына дайындалуда.