logo

Рыбакина АҚШ-тағы турнирді ойдағыдай бастады

Рыбакина АҚШ-тағы турнирді ойдағыдай бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турниріндегі жорығын жеңістен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші ойында қазақстандық теннисшінің қарсыласы даниялық Клара Таусон атанды. Рыбакина үш сетте 3:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші айналымда Елена американдық Тейлор Таунсендпен кездеседі.