QJL негізін қалаушы және президенті Рохус Шох Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Қазақстандағы инфрақұрылым мәселелері туралы айтты:

«Инфрақұрылым мәселелері көп, біз бұл туралы білеміз және айтамыз, қазір жақын арада жағдай өзгереді деп сенеміз. Үлкен стадиондар – бұл мемлекеттік деңгей, бірақ біз QJL аймақтық бизнес пен билікті балалар мен жасөспірімдер футболына инфрақұрылым салуға ынталандыратын локомотив болады деп үміттенеміз»