Роман Асранкулов Қазақстан құрамасына шақырылмайтын болды
«Тобыл» қорғаушысы Роман Асранкулов жарақат алды және қазан айында Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясында матчтарын өткізіп алады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлттық құрама қорғаушысы Роман Асранкулов «Тобыл» сапында Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Жеңіске» қарсы матчында жарақат алып қалды.
Өкінішке қарай ойыншы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды.