logo

Арнаутович, Лаймер және Забитцер. Австрия құрамасы Қазақстанмен болатын матчқа құрамын жариялады

Арнаутович, Лаймер және Забитцер. Австрия құрамасы Қазақстанмен болатын матчқа құрамын жариялады

Австрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник УЕФА Ұлттар лигасының қазан айындағы Қазақстан және Норвегияға қарсы матчтарына шақырылған құрамды жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қақпашылар: Никлас Хедль («Рапид», Австрия), Патрик Пентц («Брондбю», Дания), Александр Шлагер («Ред Булл Зальцбург», Австрия).

Қорғаушылар: Флавиус Данилюк («Верона», Италия), Марко Фридл («Вердер Бремен», Германия), Филипп Лиенхарт («Фрайбург», Германия), Филипп Мвене («Майнц 05», Германия), Стефан Пош («Болонья», Италия), Александр Прасс («Хоффенхайм», Германия), Леопольд Кверфельд («Унион Берлин», Германия), Михаэль Свобода («Венеция», Италия), Гернот Траунер («Фейеноорд», Нидерланды).

Жартылай қорғаушылар: Кристоф Баумгартнер («РБ Лейпциг», Германия), Флориан Гриллитч («Хоффенхайм», Германия), Конрад Лаймер («Бавария», Германия), Марсель Забитцер («Боруссия Дортмунд», Германия), Романо Шмид («Вердер Бремен», Германия), Матиас Зайдль («Рапид», Австрия), Николас Зайвальд («РБ Лейпциг», Германия), Кевин Штогер («Боруссия Менхенгладбах», Германия), Патрик Виммер («Вольфсбург», Германия).

Шабуылшылар: Джуниор Адаму («Фрайбург», Германия), Марко Арнаутович («Интер», Италия), Михаэль Грегорич («Фрайбург», Германия), Андреас Вайман («Блэкберн Роверс», Англия).

Еске сала кетейік, Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің үшінші турындағы Қазақстан мен Австрия арасындағы матч 10 қазанда Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтеді.



Күн шежіресі