logo

Александр Мартынович: «Қайратта» ойнау мен үшін бір сынақ

Александр Мартынович: «Қайратта» ойнау мен үшін бір сынақ

36 жасар беларусиялық орталық қорғаушы Александр Мартынович мансабын неге аяқтамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Неге әлі ойнағым келеді? Краснодарда демалып, өмірден ләззат алуға болады ғой. Мен бұған дайын емеспін. Бірдеңе істеу керек, мансабым аяқталғаннан кейін футболда қалғым келеді. Барлық көрсеткіштерім жақсы. Клубта нақты міндеттер бар, бұл маған қызық. Бұл мен үшін бір сын».

Мартынович 18 маусымда «Қайратпен» 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды. 2023/24 маусымында ол РПЛ-да 20 матч өткізіп, 3 гол соқты.