Ресми: Ескендір Қыбырай – «Атырау» ойыншысы
«Атырау» 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбыраймен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін Ескендір Қыбырай «Қайрат», «Жетісу», «Ақтөбе» және «Шахтер» клубтарының намысын қорғаған.
Қазақстан Премьер-лигасында қорғаушы барлығы 65 матч өткізіп, 3 гол соққан.