Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды
«Ақтөбе» 53 жастағы беларусь маманы Вячеслав Левчуктың команда бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Беларусь маманы Игорь Леонов баптайтын «Ақтөбе» командасының бапкерлер құрамына қосылды. Левчук бапкерлік мансабында Ресей, Украина, Молдова, Беларусь чемпионатының командаларында бапкерлік штабта болып, селекционер, бас бапкер, ассистент қызметтерін атқарған.