logo

«Астана» футболшысы «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қосылды

«Астана» футболшысы «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қосылды

19 жастағы Дамир Елубаев Түркияда өтіп жатқан «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дамир өзінің футболдағы жолын «Қайсардың» футбол орталығында бастаған болатын. Алайда кейінірек елордаға көшіп, «Астана» футбол орталығында жаттығып, клубтың жастар командасымен келісімшартқа отырды.

Елубаев «Астана» сапында Бірінші лигада 16 матч өткізіп, 3 гол соқты. Сондай-ақ Екінші лигада 13 ойынға қатысып, 1 голдың авторы атанды.