Ресей құрамасы тарихи жеңіске жетті
Ресей футбол құрамасы Краснодарда өткен жолдастық кездесуде Бруней командасын тас-талқан етті, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 11:0 есебімен аяқталды. Ресей сапынан Иван Обляков (1-минут, 29-минут), Евгений Морозов (10-минут), Лечи Садулаев (48-минут), Никита Кривцов (57-минут), Тамерлан Мусаев (62-минут), Андрей Мостовой (67-минут), Александр Черников (73-минут), Алексей Батраков (79-минут) және Арсен Адамов (88-минут) гол соқты. Сондай-ақ Нурикван Отман автогол авторы атанды (7-минут).
Нәтижесінде, ресейліктер өз тарихындағы ең ірі жеңіске қол жеткізді. Бұрынғы рекорд Евро-2020 іріктеу кезеңінде Сан-Марино құрамасына қарсы ойында тіркелген болатын (9:0).
19 қараша күні Волгоградта Валерий Карпиннің шәкірттері Сириямен кезекті жолдастық кездесу өткізеді.