logo

Ресей Премьер-лигасында 100-ден астам ойын өткізген қорғаушы қазақстандық клубқа ауысты

Ресей Премьер-лигасында 100-ден астам ойын өткізген қорғаушы қазақстандық клубқа ауысты

«Тобыл» басшыларының бірі Әлімжан Қалдияров сербиялық қорғаушы Иван Миладиновичтің қостанайлық клубтың сапына ауысқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Біз орталық және оң қаптал қорғаушы позициясында ойнайтын Иван Миладиновичті алдық. Оның негізгі қасиеттері: тактикалық қозғалыстар, ойын оқу, қатаң, физикалық күш қажет ететін допты тартып алуы да тамаша, - деді Калдияров өзінің Instagram парақшасында.

Миладинович соңғы алты жыл бойы Ресей Премьер-лигасында «Нижний Новгород» және «Сочи» командаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар оның мансабында сербиялық «Раднички», «Слога», «Табане» және «Ягодина» командалары болды.