logo

Қазақстан құрамасының ойыншысы жолдастық кездесуде алаңда жанжал шығарды

Қазақстан құрамасының ойыншысы жолдастық кездесуде алаңда жанжал шығарды

Қостанайлық  «Тобыл» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қарсылас Ресейдің үшінші лигасының өкілі «Челябинск» командасы атанды.

Кездесу ресейлік клубтың жеңісімен аяқталды – 1:2. «Тобылдың» сапында жалғыз голды Ахмед Эль-Мессауди соқты.

Кездесудің 65-минутында «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков «Челябинсктің» ойыншысы Рустам Вазитдиновпен сөзге келіп қалып, алаңның жиегінде жұдырықтасуға көшті. Жанжалды командалардың ойыншылары арашалауға көмектесті. Төреші қос команданың бапкерлерінен футболшыларды ауыстыруды сұрады.