logo

Қазақстан чемпионаты күтуде: отандық клубтардың трансферлеріне шолу

Қазақстан чемпионаты күтуде: отандық клубтардың трансферлеріне шолу

Sport Plus Qazaqstan осы маусымаралық кезеңде Қазақстандық клубтарының негізгі трансферлеріне шолу жасады.

«Астана»

Елордалық клуб жартылай қорғаушы Осей Барнс пен Камара Усманға (екеуіде «Динамо Тбилисиден», Грузия) қол қойып, клуб түлегін Рамазан Каримовты «Мақтааралдан» қайтарып, өзінің шабуыл шебін нығайтты. Сонымен қатар қорғаушы Марат Быстровты («Ахмат», Ресей) жазып, құрамды күшейтті.

«Қайрат»

Алматылықтар Элдер Сантана, Лука Гадрани (екеуіде «Ақтөбеден») және Гиорги Зария («Динамо» Батуми, Грузия) сияқты легионерлерді шақырып, трансферлік науқанды белсенді жүргізуде. Бұрынғы «қызыл-ақтар» мен Грузия чемпионының шақыруы «сары-қара» жанкүйерлері арасында өте жағымды қабылданды.

«Тобыл»

Қостанайлық клуб осы трансферлік терезеде басты хедлайнер десек болады. Миличтің шәкірттері Эредевизияда мол тәжірибесі бар жартылай қорғаушы Эль-Мессаудині («Эммен», Нидерланды), сондай-ақ Эссьен Эдедемді («Пари НН», Ресей) және Радослав Цоневті («Арда», Болгария) өз қатарына тартты. Олар нигериялықты ресейліктерден 75 мың долларға сатып алды деген ақпарат бар. Легионерлермен бірге клуб тәжірибе мен жастардың ынта-жігері арасындағы тепе-теңдікке ұмтыла отырып, Қазақстан жастар құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі Нұрғайни Бөрібаевты да  жазып алды.

Қазақстан чемпионаты күтуде: отандық клубтардың трансферлеріне шолу

Сонымен қатар, «Тобыл» өз қатарында Руслан Валиуллинді, Ислам Чесноковты және Игорь Ивановичті сақтап қалды.

«Ордабасы»

Қазіргі чемпион бәсекелестердің қасында осы науқанды немқұрайлы өткізіп жүр. Клубқа бар болғаны екі жаңа ойыншы қосылды: қорғаушы Реджинальдо («Агуа Санта», Бразилия) және жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов («Тобыл») Шымкентке көшті. Бразилиялық Реджинальдо «Ордабасыдан» кеткен өзінің отандасы Ауроның орнын жоқтатпауы қажет.

«Ақтөбе»

«Қызыл-ақтар» ұлттық құраманың қақпашысы Игорь Шацкиймен («Шахтер») құрамын күшейтті. Сонымен қатар, клуб өзінің түлегі Игорь Трофимецті «Ақсудан» қайтарып алды. Алайда, осы маусымнан тыс уақытта ең маңызды ауысым – Рамазан Оразовтың («Копер», Словения) «Қобыланды» атындағы стадионға оралуы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)

«Елімай»

Элитаға оралғаннан кейін семейліктер бірден бірнеше трансфер жасады. Шақырылғандар тізіміне Дмитрий Яшин, Мирослав Лобанцев, Рожерио Шина (барлығы «Ақтөбе»), Юрий Перцух, Роман Муртазаев, Иван Свиридов (барлығы «Шахтер») және Сергей Кейлер(«Қайрат») кірді. Сонымен қатар, шетелдік чемпионаттардан Николай Золотов («Колос», Украина), Никита Корзун («Шахтер» Солигорск, Беларусь) және Иван Шараванья («Широки Бриег», Босния және Герцеговина) келіп қосылды.

Қазақстан чемпионаты күтуде: отандық клубтардың трансферлеріне шолу

«Атырау»

«Атырау» әзірге бірқатар футболшыларменкелісімшарттарды ұзартты. Қақпашы Нұрасыл Тохтаров, жартылай қорғаушы Ринат Жұматов пен Наурызбек Жагоров командада қалды. Сондай-ақ, «мұнайшылар» капитан Игорь Стасевичпен және қақпашы Егор Хаткевичпен өзара келісімді ұзартты. Белоруссиялықтар Қазақстанда тағы бір маусымды өткізеді. Олардық қатарын тағы бір белоруссиялық футболдың түлегі Николай Сигневич толықтырды. Сонымен қатар «мұнайшылармен» бірге Түркияға бразилиялық қорғаушы Матеус Барбоса аттанды.  

«Жеңіс»

Елордалық футболдың тағы бір өкілі ҚПЛ-да ұзақ уақыт болмағаннан кейін бірнеше ойыншымен келісімшарт жасасты. Клуб өз қатарына Никита Калмыковты («Мақтаарал») шақырды, сонымен қатар «Қайраттың» түлектері Ғалымжан Кенжебек пен Темірлан Анарбековті жалға алды.

Қазақстан чемпионаты күтуде: отандық клубтардың трансферлеріне шолу

«Қызылжар»

Құрамды күшейту мақсатында Али Алиевтің командасы Владислав Сорокинспен (РФШ, Латвия), Алексей Шебетунмен («Шяуляу», Литва), Александр Довгальмен («Оқжетпес») және Мади Хасейнмен («Жетісу») келісімшарттарға қол қойды. Сондай-ақ, еркін агент ертінде клуб тәжірибелі жартылай қорғаушы Рубен Бриджидоны қатарына қосты. Португалдық легионер төрт маусымда Қазақстанда жүзден астам ойын өткізді.

Әзірге бірнеше клуб, нақтырай атап айтқанда «Жетісу», «Қайсар», «Мақтаарал», «Тұран» және «Шахтер» трансферлік науқанды өзгеріссіз өткізіп отыр. Осы ұжымдардың жанкүйерлері жаңадан келген аяқдопшылардың ауысымдарын және құрамындағы ықтимал өзгерістерді асыға күтуде.

Осылайша, Қазақстан чемпионатының ауысымдарына алдын ала шолу көптеген клубтар алдағы маусымға өз құрамдарын нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Трансферлік терезе жабылғанға дейін жақын арада тағы қосымша өзгерістер болатыны сөзсіз.