logo

Ресей чемпионы Софья Сподаренко қазақ тілінде сұхбат бергісі келетінін айтты

Ресей чемпионы Софья Сподаренко қазақ тілінде сұхбат бергісі келетінін айтты

Жүзуден Ресей чемпионы Софья Сподаренко 2023 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғап жүр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшы қыз Қазақстанның төлқұжатын алғалы бері қазақша үйреніп жүргенін айтқан еді. Енді ол қазақ тілінде сұхбат бергісі келетінін атап өтті.

«Бірінші сынып оқушыларына арналған мәтінді оқып мәз болып отырмын. 5 сабақ бұрын ғана бұл мен үшін әзіл секілді көрінген. Қазақ тілін оқуға ерік-жігерімді шыңдау қиынға соғып жатыр. Себебі,  менің мектепте алған білімім де жоқ. Бәрін нөлден бастадым. Қазақстанда бірнеше мемлекеттік тіл болғандықтан емтихан тапсырудың қажеті жоқ. Сондықтан мен өзіме мақсат қойдым. Енді мен қазақ тілінде сұхбат бергім келеді. Өзімді әлде бір байқауда жеңіп, қазақша сұхбат беріп тұрғанымды елестетіп жүрмін», – деп жазды Софья Сподаренко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Софья Сподаренко Өскемен қаласында дүниеге келген. Әкесі Константин Сподаренко ұзақ жылдар бойы жергілікті «Торпедо» хоккей клубында ойнады. Анасы Татьяна да жеңіл атлетика шебері болған.

Кейін әкесінің ресейлік клубқа ауысуына байланысты Сподаренколар Түменге көшеді де, Софья сол жақта жүзумен айналыса бастайды.