logo

Рамазан Оразов Данияда: «Силькеборг» клубына шолу

Рамазан Оразов Данияда: «Силькеборг» клубына шолу

Рамазан Оразов ресми түрде Дания Суперлигасында ойнайтын «Силькеборг» клубының ойыншысы атанды. Sport Plus Qazaqstan Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушының жаңа клубы туралы барлық маңызды ақпаратты ұсынады.

Клуб 1917 жылы құрылған және Силькеборг қаласында орналасқан. «Силькеборг» 10 мың көрермен сыйдыратын стадионда ойындар өткізеді. Қызықты факт: Оразов – Дания Суперлигасында ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы.

Рамазан Оразов Данияда: «Силькеборг» клубына шолу

«Силькеборгтың» тарихындағы ең жоғарғы жетістігі – чемпиондық (1993) пен Интертото Кубогы (1996). Өткен маусымды команда алтыншы орында аяқтады: 10 жеңіс, 6 тең ойын және 16 жеңіліс. Дегенімен, клуб Дания Кубогы финалында «Орхусты» минималды есеппен жеңіп, келесі маусымда Еуропа Лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Команданы көп жылдық тәжірибесі бар Кент Нильсен жаттықтырады. Команда құрамында Замбия, Жаңа Зеландия, Исландия құрамаларының ойыншылары, сонымен қатар Йенс Гаммелбю, Каспер Куск (Дания құрамасының бұрыңғы ойыншылары) және Александр Линд (Дания U-21) секілді аяқдопшылар өнер көрсетеді. Оразов клубқа жартылай қорғаныс шебін нығайту үшін қажет.

Рамазан Оразов Данияда: «Силькеборг» клубына шолу

«Силькеборг» сондай-ақ жас ойыншыларды дамытуға көп көңіл бөледі. Команданың орташа жас көрсеткіші - 24,2. Даниялық ұжым футболшыларды жинаудан бөлек, эскпорт жағынан да жақсы жұмыс атқарады. Өткен маусымда клуб 4 440 000 еуроға жуық табыс тапты: Тобиас Салквист («Чикаго», МЛС - 1 млн), Себастьян Йоргенсен («Мальме», Швеция - 1,35 млн), Лукас Энгель («Мидлсбро», Чемпионшип, Англия - 1,75 млн), Серен Тенгстедт («Гоу Эхед Иглз», Эредивизи, Нидерланды - 340 мың). Егер Рамазан болашақта тамаша өнер көрсетсе, оны одан мықты лигаларда көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Оразов «Силькеборг» клубына ресми 26 маусым күні трансферлік терезе ашылғанда қосылатын болады. Ойыншы дебюттік ойынын 9 шілде күні «Зволле» (Нидерланды) клубына қарсы жолдастық кездесуде өткізуі мүмкін. Ал Дания Суперлигасының жаңа маусымы 21 шілде күні бастауын алады. Қазақстан құрамасының ойыншысына жарқын өнер көрсетуін тілейміз және оны алаңда көруге үміттенеміз.



Күн шежіресі