«Ақтөбе» Оразовтың Дания клубына кететіні туралы хабарлады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбеден» кетіп, Данияның жоғары дивизионында өнер көрсететін «Силькеборгқа» көшті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«26 жастағы ойыншы 2021 жылы „Ақтөбеге“ ауысып, 2022 жылы „қызыл-ақ“ құрамада Қазақстанның күміс жүлдегері атанды. Біздің клубта ойнаған Оразов ұлттық құрамада дебют жасады. Ағымдағы маусым басталар алдында Оразов „Ақтөбеге“ оралып, командаға бірінші орынға көтерілуге көмектесті. Оразов барлық турнирлерде клуб құрамында 49 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
«Силькеборг» өткен маусымда чемпионатта 6 орынға ие болды, сонымен қатар кубоктың финалында «Орхусты» жеңіп, беделді трофейді жеңіп алды. Бұл жетістік клубқа Еурокубокқа шығуға мүмкіндік берді.
«Серый Кардинал» телеграм-арнасы «Ақтөбеге» Оразовтың трансфері үшін шамамен 50-80 мың еуро түсетінін хабарлады.
Оразовтың мансабында словениялық «Копер», ресейлік «Чайка», «Тобыл», «Қайрат», «Ақсу» және латвиялық «Даугавпилс» сияқты клубтар болды.
Қазақстан құрамасында Оразов 26 матч өткізіп, бір доп соқты.