«Қызылжар» «Қайраттың» бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасасты

«Қызылжар» «Қайраттың» бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасасты

«Қызылжар» клубы 30 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікенмен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айбол Әбікен — алматылық «Қайрат» футбол клубының түлегі. Ол петропавлдық клубқа қызылордалық «Қайсардан» ауысты.

Осы маусымда «Қайсар» сапында Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогында 14 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі