«Қызыл-ақтар» өз алаңына оралды. «Ақтөбе» – «Ертіс» матчының тікелей эфирі
«Ақтөбе» футболшылары өздерінің туған Қобыланды батыр атындағы стадион алаңына қайта оралып, маусымдағы алғашқы өз алаңындағы матчын «Ертіске» қарсы өткізеді.
Екі команда да бұл кездесуге алдыңғы турдағы сәтсіз ойындардан кейін келіп отыр. «Ақтөбе» елордада Жеңіс командасынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.
Ал «Ертіс» өз алаңында «Жетісу» клубынан 2:1 есебімен ұтылды. Бұл павлодарлықтар үшін қатарынан екінші жеңіліс болды. Осыдан кейін облыс басшылығы клубтың басқару құрамын жаңартып, жаңа директор тағайындау туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, тур алдында «Ақтөбе» клубында да басшылық ауысты. Сондықтан екі клубтың да жаңа жетекшілері үшін бұл кездесу жаңа қызметтегі алғашқы сынақ болмақ, бұл өз кезегінде ойынның тартымдылығын арттыра түседі.
Матч 19:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.