logo

Қытайда спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

Қытайда спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

Қытайдың Макао қаласында ушудан X Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған сары құрлық додасында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, алтын жүлдені Бексұлтан Қоскенов пен Ернұр Дәкібай жеңіп алса, күміс жүлдегер Кәрім Иминжанов қол жеткізді.

Ал қола жүлдеге Ислам Иминов, Юлтуз Юлдашева, Карина Исмаилова және Расул Тұрғанжанов қол жеткізді.