ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу барысында елордалық клубтан Майкл Маклауд 23-минутта мергендік танытса, оған минскілік командадан Вадим Мороз 22, 24, 59, Диллон Дюбе 56, Даниил Сотишвили 58-минутта бес шайбамен жауап берді.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді. Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск) командаларынан жеңіліп қалған еді.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 15-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында Беларусь командасы жеңіске жеткен.