ҚХЛ: «Барыс» алғашқы кездесуінде «Нефтехимикке» есе жіберді
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу барысында елордалық командадан Уэйд Эллисон 36- минутта есеп ашса, ресейлік клубтан Владимир Брюквин 49-минутта таразы басын теңестірді.
Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда «Нефтехимик» жеңіс шайбасын соғып кетті.
Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Биыл елордалық клуб алғашқы төрт ойынын өз алаңында өткізеді.
Алдымен бүгін «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.