logo

Құламбаева - Италиядағы турнирдің финалында

Құламбаева - Италиядағы турнирдің финалында

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W75 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге үш кездесуін сәтті өткізді.

Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда италиялық Николь Фосса – үндістандық Васенти Шиндені 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Жібек Құламбаева – Екатерина Рейнгольд финалда испаниялық Ивон Реймерс – италиялық Аврора Зантедешимен чемпиондық атақты сарапқа салады.



Күн шежіресі