Елена Рыбакина мен журналистер арасындағы мәселе шиеленісіп тұр
Елена Рыбакинаның журналистермен болған жағдайынан кейін әлеуметтік желіде түрлі пікір көп. Соның бірі UCV басылымының журналисті Лео Хиль Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) бір мәселесі жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«WTA жарнама бойынша көп жұмыс істеу керек. Ал Рыбакинаның мәселесінде ойыншылармен БАҚ өкілдерімен қарым қатынасы бойынша да жұмыс жүргізуі тиіс», - деді Хиль.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана «Ролан Гаррос» баспасөз мәслихатында Елена Рыбакина журналистерді сынады: «Сұрақтар қайталана береді. Тіпті не айтарымды да білмеймін. Қарапайым сұраққа — қарапайым жауап» деген еді.