QJL ашылу матчынан түскен билеттердің табысы мен әртістердің гонорарлары су тасқынынан зардап шеккендерге беріледі
20 сәуірде Таразда Freedom QJL екінші маусымының ашылу ойыны өтеді: «Тараз» - «Астана» командаларының 18 жастағы құрамалары ойнайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Билеттерден түскен барлық табыс пен Калифорния және Do Mi No әртістерінің гонорарларының жартысы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына жіберіледі.
Сонымен қатар, стадионда зардап шеккендерге көмек жинау жүргізіледі. Арнайы қораптар аренаның әр түрлі бөліктеріне қойылады.