logo

Юлия Путинцева Хобарт жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады

Юлия Путинцева Хобарт жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Іріктеу жарысының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Путинцева 6:2 есебімен басым болды.

Екінші сетте де сенімді ойнап, есепті 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде Юлия 9 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 брейкпен көзге түсті.

Юлия Путинцева іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 115-орындағы аустралиялық Кимберли Биррелмен бақ сынасады.