Путинцева «Ролан Гаррос» жеңімпазына есе жіберді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Окленд қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің бірінші айналымында қытайлық қарсылас Ван Циньюйден 4:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.
Қазіргі уақытта 22-жасар қытайлық теннисші Ван Циньюй әлемнің 22-ші ракеткасы болып табылады. Өткен жылы Сие Су Веймен дуэтте ол Франция ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.