Александр Шевченко: Біз қарсыласты осылай ойнайды деп күткен жоқпыз

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Тимофей Скатовпен жұптық матчтан кейін Пәкістанды жеңуде шешуші фактор туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.
— Олар физикалық тұрғыдан төмендеген сияқты болды, бірақ жинала алдыңыз. Бұл екінші күнде шаршағаны әсер етті ме, әлде сіздің бабыңыз 100% емес пе?
— Жоқ, физикалық тұрғыдан мүлдем шаршамадым, әсіресе жұп ойнаған кезде жүйкені жұқартады. Сондықтан біз ойын ықпалдылығын төменденткен сияқтымыз. Бірақ оларға тек мақтау айта аламыз, себебі қарсылас керемет ойнады. Біз Тимофей екеуміз оларды осындай деңгейде өнер көрсетеді деп күткен жоқпыз. Матч белгілі бір кезеңде басқаша өрбуі мүмкін еді, әсіресе біз подача жасаған кезде, олар бізге брейк жасады. Сондықтан бәрі менталды дайындыққа байланысты деп айтамын. Ал дене даярлығы тұрғысынан мен өзімді қазіргідей жақсы сезінген жоқпын. Мен 3-4 сағат ойнай аламын, — деп жауап берді Шевченко.
Естеріңізге сала кетейік, 1-2 ақпанда Астанада Дэвис Кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтті. Қазақстан ерлер құрамасы турнирдің барлық төрт кездесуде Пәкістанды жеңді.