Қазақстандық жеңілмеген файтер өзбек спортшысымен кездеседі
Алматыда өтетін OCTAGON 57 турнирінде жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бақдәулет Қорғанбай (2:0) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшының қарсыласы «Универсальный солдат» лақап атымен танымал өзбекстандық Жамолиддин Рахомжонов (2-0) болады. Ол касіпқой спортты екі мәрте мерізімінен бұрын жеңіске жетті.
Кештің негізгі кездесулерінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Хайтао Тимен (14-5), ал «қазақ сехудосы» Дамир Төленов (11-1) тағы бір қытайлық Цюлунмен (19-10) күш сынасады.