logo

Қазақстандық жауынгер UFC файтері Шара Буллетке шақыру тастады

Қазақстандық жауынгер UFC файтері Шара Буллетке шақыру тастады

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында UFC файтері Шарабутдин Магомедовқа, яғни Шара Буллетке, шақыру тастады, деп хабарлайды Sport+.

«Найман» Алматыда өтетін АСВ JJ турнирінде жекпе-жек өткізуді ұсынды, ол жылдың басында ұйымдастырылуы мүмкін.

«Тек қашпа», — деп жазды Хамитов UFC файтеріне жолдаған сөзінде.

Қуат АСВ JJ лигасында бір кездесу өткізген: желтоқсанда ол шешім бойынша бұрынғы UFC файтері Рашид Магомедовты жеңді.



Күн шежіресі