Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде өз орындарын жақсартты
Қазақстанның алты теннисшісі жекелей сында және жеті спортшысы жұптық сында ATP жаңартылған рейтингінде өз орындарын жақсартты, деп хабарлайды Sports+.
Өткен апта қорытындысы бойынша жекелей сында Александр Шевченко 78-орынға (+2), Михаил Кукушкин 112-орынға (+1), Дмитрий Попко 174-орынға (+2), Тимофей Скатов 192-орынға (+3), Григорий Ломакин 866-орынға (+4) және Арсланбек Айтқұлов 1734-орынға (+10) көтерілді.
Жұптық сында да жетістіктер байқалды: Дмитрий Попко 379-орынға (+1), Тимофей Скатов 845-орынға (+3), Александр Шевченко 857-орынға (+3), Ерасыл Ерділда 1605-орынға (+3), Ростислав Гальфингер 1663-орынға (+9), Ислам Орынбасар 1710-орынға (+10) және Павел Петров 2242-орынға (+2) көтерілді.
Бұл жетістіктер қазақстандық теннисшілердің халықаралық аренада өз деңгейін тұрақты түрде арттырып жатқанын көрсетеді.