logo

Екі қазақстандық теннисші Лиондағы турнирдің бірінші айналымында жарыстан шығып қалды

Екі қазақстандық теннисші Лиондағы турнирдің бірінші айналымында жарыстан шығып қалды

Францияның Лион қаласында басталған «Челленджер» сериясындағы турнирге қатысқан қазақстандықтар – Денис Евсеев пен Михаил Кукушкин, өкінішке қарай, турнирдің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Евсеев үш сетте жергілікті теннисші Кальвин Эмериге 6:3, 5:7, 6:7 есебімен жеңілді.

Ал Кукушкин украиналық Виталий Сачкоға 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.