Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
Күрес түрлерінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық Ержет Жарылқасын финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Грек-рим күресінен 63 келі салмақта белдескен Ержет Жарылқасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық балуан жапониялық Аята Сузукимен күреседі.
Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.
Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін Сауд Арабия өкілінен басым болды.