Қазақстандық ойыншы Белоруссия чемпионатында қалады
18 жасар жартылай қорғаушы Абинур Нұрымбет «Шахтердің» (Солигорск) ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы белоруссиялық инсайдер Арсений Исанья өзінің телеграм арнасында хабарлаған.
Бұған дейін Нұрымбет «Локомотивте» (Загреб) қаралғаны хабарланған болатын, бірақ аталмыш клубқа өте алмады.
Абинур Нұрымбет – «Тараздың» түлегі. Өткен жылдың тамыз айынан бастап «Энергетик-БГУ» құрамында өнер көрсетіп, барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 2 гол және 5 ассист берді.