logo

Қазақстандық мерген қыз Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық мерген қыз Олимпиаданың финалына шықты

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Александрра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал, финалға алғашқы сегіз спортшы өтті. 

Тағы бір отандасымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орыннан көрінді. 

Аралық нәтиже бойынша, кореялық Хьеджин Бан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты. 

Спортшылар жүлдеге 29 шілде күні таласады.