Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Бакуде өткен турнирде тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Бакуде (Әзербайжан) өткен «Жібек жолы» турнирін тоғыз жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.
Алтын медальдарды Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды. Күміс жүлдені Анжа Садуакасова (52 келіге дейін) иеленді.
Қола жүлделерге Гүлназ Бурибаева (48 келі), Элянур Турғанова (50 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Сымбат Әлияскар (54 келі), Азиза Исина (70 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) ие болды.