logo

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Торрес кәсіпқой бокста өз атын шығаруға дайын. Торрес пен Вианелло арасындағы жекпе-жекті қайдан және сағат нешеде көруге болады?

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Торрес кәсіпқой бокста өз атын шығаруға дайын. Торрес пен Вианелло арасындағы жекпе-жекті қайдан және сағат нешеде көруге болады?

Олимпиаданың күміс жүлдегері Ричард Торрес 5 сәуір күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында италиялық супертяж салмақтағы боксшы Гвидо Вианеллоға қарсы жекпе-жек өткізеді.

25 жастағы Торрес үш жыл ішінде кәсіпқой рингте он бір жеңіске жеткен. Алайда 30 жастағы Вианеллоға қарсы жекпе-жек — жас америкалық үшін күтпеген әрі маңызды сынақ болмақ.

Өткен жылдың тамыз айында Вианелло Арсланбек Махмудовты мерзімінен бұрын жеңіп, үлкен сенсация жасаған еді. Бұл кездесу екі боксшы үшін де өздерін танытатын тамаша мүмкіндік.

Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 05:00–де басталады. Кештің барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі