Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады
Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық боксшылар турнирде 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алды.
Екінші орынға 14 алтын, 11 күміс және 8 қола иеленген Өзбекстан құрамасы орналасқан.
12 алтын, 13 күміс және 18 қола иеленген Үндістан құрамасы үздік үштікті тұйықтады.
Айта кетелік, Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті.