Қазақстандық боксшы қыздардың Сербияда қанша табыс тапқаны белгілі болды

Сербияда қыздар арасында өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан құрамасы үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
IBA әлем чемпионатының жүлдегерлері мен қатысушыларына келесі мөлшерде сыйақы төлейді:
Чемпиондар — $100 000
Күміс жүлдегерлер — $50 000
Қола жүлдегерлер — $25 000
Ширек финалистер — $10 000
Осылайша, 2025 жылғы әлем чемпиондары Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова және Аида Әбікеева әрқайсысы $100 000 сыйақы алады.
2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова — $50 000-нан, қола жүлдегер Наталья Богданова — $25 000 алады.
Ширек финалға жеткен Жайна Шекербекова, Жасмин Қизатова, Карина Ибрагимова және Надежда Рябец әрқайсысы $10 000 алады.