Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды

Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың финалында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Айбек 3:2 есебімен басым түсті. Екінші үшминуттықта төрешілердің барлығы жеңісті Айбекке берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша ұлттық құрама капитаны Қазақстанға екінші алтын медальді сыйлады.