«Қайраттың» қақпашысы Ресейге оралуы мүмкін
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Вадим Ульянов ресейлік клубтардың назарына ілікті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
22 жасар қақпашыға РПЛ-ға шыққан клубтардың бірі қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, 2023/24 маусымының нәтижесінде турнир кестесінің екінші жартысында тұрған клуб Ульяновпен келісімшартқа отыру мүмкіндігін қарастыруда.
Ульяновтың «Қайратпен» келісімшарты 2024 жылдың соңында аяқталады, бірақ алғысы келетін командалар оны жаңа маусым басталғанға дейін сатып алуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Ульянов 2022 жылдан бері «Қайраттың» құрамында ойнап, 28 матчта 27 гол жіберіп, 11 ойында қақпасын «құрғақ» сақтады.