logo

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогында» алғашқы ойынын өткізді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогында» алғашқы ойынын өткізді

Минск қаласында жасөспірімдер құрамалары арасында «Даму кубогы» турнирі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан 17 жасқа дейінгі құрамасы алғашқы матчын Ресеймен U17 өткізді. Матч ресейліктердің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық команданың жалғыз голының авторы Дастан Сәтбаев атанды.

Келесі ойын жарыстың қожайындары Беларусь U17 командасына қарсы өтеді. Аталмыш кездесу 20-ақпанда жоспарланған.