Қазақстан U-17 құрамасы Ресейді жеңді

Қазақстан U-17 құрамасы Ресейді жеңді

Шымкентте Қазақстан мен Ресей U-17 жасөспірімдер құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Матч 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Алаң иелері сапынан голдарды Әнуар Төленді мен Ислам Рашидов өз еншісіне жазды.

Еске сала кетейік, бұл командалар арасындағы бірінші ойынның негізгі уақыты тең аяқталып (2:2), матчтан кейінгі пенальти сериясында Ресей құрамасының футболшылары басым түсті.

Қазақстан U-17 — Ресей U-17 — 2:1 (1:1)

Голдар: Төленді 32, Рашидов 79 — Мазманян 10

Қазақстан U-17: Заманбек (Қ), Датхабаев, Рашидов, Әбди (К), Плачинда, Садырбаев, Сарсымбаев, Заречный, Хасанов, Черноморец, Төленді.

Қосалқы құрам: Ковальчук (Қ), Солтанғазы (Қ), Турищев, Байменов, Гречка, Бәпішев, Шалыгин, Қаси, Салимов, Оспанов, Вдовин, Ақылбаев, Ибаділдә.

Ресей U-17: Горислов (Қ), Богатиков (К), Крылов, Мастерной, Потапов, Капшученко, Брагинец, Банников, Мазманян, Суродин, Лагту.

Қосалқы құрам: Трофимов (Қ), Торини, Иванов, Мелехин, Кузьмин, Болгаров, Коледов, Калинин, Акопьян, Сафронов, Гавриленко, Мудранов.

05.10.2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.