logo

Қазақстан U-17 әйелдер құрамасының 2023/24 маусымындағы ЕУРО іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан U-17 әйелдер құрамасының 2023/24 маусымындағы ЕУРО іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңі матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан U-17 құрамасы «В» Лигасының 4 тобында Босния және Герцеговина, Эстония, Армения командаларымен ойнайды. Ойындары 2024 жылы 18-24 наурыз күндері Алматыда өтеді.

Әр топтың алты жеңімпазы және өз тобында бірінші мен үшінші командаға қарсы үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері 2024/25 маусымда А Лигасының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ирина Кондрашова («Қайрат»), Дидар Нәкен («Астана»), Зарина Хайтметова («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Дарья Толкачева, Анель Досболова (екеуі де – «Қайрат»), Ажар Шөкетаева, Рамина Омарова, Аделия Бекхожина (бәрі – «СДЮШОР №8»), Елизавета Медведева («Ақсу»), Гаухар Мусина («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Адина Ізімбаева, Томирис Рахатжан, Вероника Пересунько, Виктория Цыганова, Жанель Таласбаева (бәрі – «Қайрат»), Данагүл Ахметжан, Юлия Шрам («Шахтер»), Элина Ірісметова («Томирис-Тұран»), Аминат Биғожина («СДЮШОР №8»), Влада Огай («Жетісу»);

Шабуылшылар: Полина Тучина, Назым Алданазар («Қайрат»), Айсана Зекен, Аяжан Абдина, Эльнура Катран (бәрі – «Ордабасы»);



Күн шежіресі