logo

Қазақстан Словениядан жеңіліп қалды

Қазақстан Словениядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы Нидерландыда өткен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында ЕУРО іріктеуіне қатысуды аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Украинаны жеңіп, алаң иелерінен жеңілгеннен кейін Александр Кузнецовтың командасы топта 2-ші орынға ие болды. Бұл орын келесі раундқа шығуға жолдама беретін еді.

Бірақ соңғы матчта 2 орын үшін күресте Қазақстан Словениядан 1:2 есебімен ұтылды. Жалғыз голдың авторы Ерасыл Сәрсенбай атанды.

Осылайша, қазақстандықтар топта үшінші болды.