logo

«Қараусыз болды». Адиев Черчесовтың сөздеріне жауап берді

«Қараусыз болды». Адиев Черчесовтың сөздеріне жауап берді

Бұрынғы Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Станислав Черчесовтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sport+.

Норвегиямен Ұлттар Лигасының матчында 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін Черчесов Қазақстан құрамасы оның келуіне дейін «қараусыз» болғанын айтты.

«Мен Станислав Черчесовты қатты құрметтеймін. Бірақ оның оған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы қараусыз болды деген сөзі маған ауыр тиді. Мен федерацияның бұрынғы президенті Әділет Барменқұловпен екі жыл ішінде жақсы жетістікке қол жеткіздім деп ойлаймын»