Қазақстан-Ресей жолдастық кездесуі өтуі мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан-Ресей жолдастық кездесуін өткізуге қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» газетіне берген сұхбатында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов айтты.
«Бұл деңгейдегі кездесулер қашан да пайдалы. Футболдың біріктіру миссиясы бар, бұл үлкен отбасы. Сондықтан да осындай ойынға қызығушылық танытып отырмыз. Қазір Станислав Саламовичке кімннен және қашан жолдастық кездесулер өткізуіміз бойынша тапсырма бердік. Оның жұмыс кестесі мен құзырында» — деді Барменқұлов.
6 қыркүйек күні ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасы аясында Алматыда Норвегиямен кездеседі. Басталуы 19:00-де.