logo

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне неге қатыспағанын түсіндірді

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне неге қатыспағанын түсіндірді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне қатысудан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші аталмыш жарыста денсаулығына байланысты ойнай алмайтынын айтты.

Биыл денсаулық мәселесіне байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды үлкен өкінішпен хабарлаймын.

Жақын адамдарым бұл жарыстың мен үшін қаншалықты маңызы зор екендігін, былтырғы чемпиондық атағымды қорғағым келгенін біледі.

Мені қолдауға келген барлық жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Олардың биыл менің ойынымды көре алмайтыны өкінішті. Енді мен кортқа қайта оралу үшін демалып, қалпыма келемін, - деді Рыбакина.



Күн шежіресі