logo

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде АҚШ-қа қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.

Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездесті. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына есе жіберді.

Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.



Күн шежіресі